15 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №513

274 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 31 тамыз, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1351 және «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған жас бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1352 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1351 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 704-құжат) қаулысында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу; өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметтің лицензиары; 2) Астана, Алматы қалаларының, облыстардың Көліктегі ішкі істер департаменттері азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметтің лицензиары болып белгіленсін.»; 2) «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1352 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, №81, 705-құжат) қаулысында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»; 1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ